
2025 жылдың 5 желтоқсанында “Адал азамат” идеяларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасына сәйкес Қызылорда облысының Әділет департаменті басшысының м.а, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелді, бөлім басшылары Э.Абдыкаликова, А.Косбергенова Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында студент жастарға мемлекеттік қызмет атқару ерекшеліктерін, мемлекеттік қызметші мамандығы бойынша жастарға патриотизм мен кәсіпқойлыққа, сондай-ақ мінсіз бедел мәселелері жайлы түсіндірілді. Сондай-ақ жастарға сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік, жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сананы қалыптастыру қажеттігі жайлы түсіндірме жүргізді. Сонымен қатар қаржылық сауаттылықты арттыру және қандай да бір қаржылық алаяқтыққа жоламау туралы түсіндірілді.