
2025 жылдың 20 қарашасында Қызылорда облысы Әділет Департаментінің “Қармақшы ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі” филиалы аға сот орындаушы Жанат Баекеева, “AMANAT” партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы, Партия жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров, Байқоңыр қалалық көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ержан Игенбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Байқоңыр қаласы бойынша сектор меңгерушісі Сандуғаш Тулепова, Байқоңыр қаласы бойынша “Отбасын қолдау” орталығының басшысы Эльмира Казиева қатысуымен, қала тұрғындарымен көшпелі мобильді қабылдау өткізді. Тұрғындарға заң аясында бағыт-бағдар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.