
2025 жылдың 20 қарашасында Қызылорда ашық көпсалалы колледжінде облыстық Жастар ресурстық орталығы мен Қызылорда облысы Әділет департаментінің бірлесуімен «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға Қызылорда облысы құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Қосбергенова Айгул Жамбыловна және жастар орталығының мамандары қатысып, студенттерге маңызды ақпараттар ұсынды. Семинар барысында қаржылық сауаттылықты дамыту, алаяқтықтың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар жаңа ЖИ - цифрлық көмекші (чат-бот) қызметі жайлы түсіндірілді.