Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді

2025 жылдың 14 қарашасында Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді. Шараға сондай-ақ департаменттің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Абсат Жандос Дәуренбекұлы қатысып, өз саласы бойынша баяндама жасады.

Жиын барысында ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында атқарылған жұмыстардың негізгі қорытындылары ұсынылып, жүзеге асырылған жобалар мен көрсеткіштер талқыланды. Сондай-ақ, жаңа ЖИ - цифрлық көмекші (чат-бот), тараптар кабинеті, робот сот орындаушы қызметі жайлы атқарылған жұмыстар баяндалды.

Баспасөз конференциясында Ұ.Оразгелді департаменттің негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарды жан-жақты сипаттап, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Іс-шара соңында спикерлер журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәселелерге түсініктеме берді.