
Ағымдағы жылдың 28 қазанында «Қоғамда заң мен тәртіп идеялогиясын ілгерілету» негізінде Қызылорда облысының Әділет департаменті сала мамандары, Әділет органының құзіретіне кіретін мәселелер бойынша, Талсуат ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Сала мамандары азаматтарға Департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тоқталып, мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі аясында кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар жаңа ЖИ - цифрлық көмекші (чат-бот), тараптар кабинеті, робот сот орындаушы қызметі жайлы түсіндірілді. Сондай-ақ қаржылық сауаттылықты арттыру және қандай да бір қаржылық алаяқтыққа жоламау туралы кеңес берілді.