
2025 жылдың 24 қазанында, 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Арнайы марапатты Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев табыстап, Ұ.Оразгелдіұлына алдағы қызметінде табыс тілеп, берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына сәттілік тіледі.