Алтын той, Гаухар той иелерінің қатысуымен салтанатты шара өткізілді

Алтын той, Гаухар той иелерінің қатысуымен салтанатты шара өткізілді

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде «Отбасы орталығы» ғимаратында «15 қыркүйек – Отбасы күніне» арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында отау құрғандарына жарты ғасыр толған Алтын той иелері мен Гаухар той иелеріне құрмет көрсетіліп, қуанышқа толы сәттері салтанатқа ұласты.

Іс-шара барысында отбасы құндылықтарының қоғамдағы маңызы, жастарға өнеге боларлық үлкендердің тәлім-тәрбиесі мен сыйластыққа негізделген шаңырақ құрудың қадірі кеңінен айтылды. Ардақты қарияларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіліп, олардың өмір жолы мен сүйіспеншілікке толы әңгімелері жастарға үлгі ретінде