Ағымдағы жылдың 13 тамызында Шиелі ауданының нотариустарының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған медиа-жоспарына сәйкес, нотариаттық кеңсенің ғимаратында «Әр азаматқа –заңдық көмек!» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Қазақстан Конституциясы азаматтардың құқықтарын сақтауға барынша кепілдік береді. Әрбір адам өзінің құқығын білуі, оны қорғауы керек. Адам өз құқығын біліп, оны дұрыс пайдалана білсе ғана, қоғам дамиды. Қазақстанның әрбір азаматы өз құқығын қадірлесе, мемлекет те соғұрлым берік, болашағы жарқын болады.
Бүгінгі кездесуге Шиелі ауданының нотариустары Қ. Хасанов, А. Нурболатова, С. Оразымбетова, Д. Қыдырбай қатысты. Барлық келушілерге білікті құқықтық көмек көрсетіліп, оларды қызықтырған мәселелері бойынша, соның ішінде чат-ботты пайдалану тәртібі жөнінде, жан-жақты түсіндірілді.