Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Әр азаматқа –заңдық көмек!» акциясы өткізілді.

Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Әр азаматқа –заңдық көмек!» акциясы өткізілді.

Бүгін Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған медиа-жоспарына сәйкес, нотариаттық палатының ғимаратында «Әр азаматқа –заңдық көмек!» акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.

Қазақстан Конституциясы азаматтардың құқықтарын сақтауға барынша кепілдік береді. Әрбір адам өзінің құқығын білуі, оны қорғауы керек. Адам өз құқығын біліп, оны дұрыс пайдалана білсе ғана, қоғам дамиды. Қазақстанның әрбір азаматы өз құқығын қадірлесе, мемлекет те соғұрлым берік, болашағы жарқын болады.

Бүгінгі кездесуге департамент басшысының м.а Ұ.Оразгелді, Қызылорда облысының нотариаттық палатасының басшысы Л.Суйеубаева, департаменттің құқықтық түсіндіру және қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Косбергенова және нотариустар қатысты. Барлық келушілерге білікті құқықтық көмек көрсетіліп, оларды қызықтырған мәселелері бойынша, соның ішінде чат-ботты пайдалану тәртібі жөнінде, жан-жақты түсіндірілді.