Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, бүгін «Конституция келешек кепілі» тақырыбында департамент қызметкерлері балаларының қатысуымен сурет конкурсы өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар тақырып аясында әртүрлі құралдармен сурет салып, оның мағынасын түсіндіріп берді. Шара Конституциямызды келешектің кепілі ретінде бағалауымызға және оның құндылығын арттыруға бағытталды.