Қызылорда қаласында жастардың әлеуметтенуіне бағытталған «Мүмкіндіктер алаңы» атты шара ұйымдастырылды.

Қызылорда қаласында жастардың әлеуметтенуіне бағытталған «Мүмкіндіктер алаңы» атты шара ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 8 тамызында Халықаралық жастар күніне орай, Қызылорда қаласында жастардың әлеуметтенуіне бағытталған «Мүмкіндіктер алаңы» атты ірі шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға бос жұмыс орындары ұсынылып, кәсіпкерлік, құқықтық, мансаптық даму тақырыптарында пайдалы кеңестер берілді. Сонымен қатар, түрлі мекемелер көрме ұйымдастырып, өз өнімдері мен қызметтерін таныстырды.