Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы М.Французова нотариустарға ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта семинар өткізді.
Аталған семинарда нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуден босатылған тұлғалардың құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерге ақы төлеу кезіндегі заң талаптары туралы, атқарушылық жазбаны куәландыру және жою мәселелері бойынша, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар (мәміле сомасы 50 000 000 теңгеге немесе одан асатын жылжымайтын мүлікпен операциялар) туралы ақпаратты уақытылы ұсыну туралы және атқарушылық жазба жасау, сенімхат қызметін онлайн режимінде жүргізу кезеңі туралы талқыланды.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.