Алимент мәселелері бойынша семинар өткізілді

Алимент мәселелері бойынша семинар өткізілді

2025 жылдың 18 маусымында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің
аға прокуроры Мырзабек Махабат Қазбекұлы алимент мәселелері бойынша семинар өткізіп,
қатысушыларға алимент өндіру тәртібі, борышкердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ шетелге шығуға қойылатын шектеулердің заңдық негіздері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Семинар барысында Махабат Қазбекұлы:
– алименттік қарыздың салдары,
– жеке сот орындаушылардың рөлі,
– және алиментке байланысты мемлекеттік бақылау тетіктері жөнінде нақты мысалдармен түсіндірме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
#заңментәртіп #законипорядок