«Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

«Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

2025 жылғы 29 мамыр күні Қызылорда облысының Әділет департаменті ғимаратында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

Іс-шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мирамкүл Малайқызы Бибітова сөз сөйлеп, Әділет департаментінің қызметкерлеріне Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу тәртібі мен оның кезеңдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, ол аталған бастаманың мемлекеттік қызмет сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтіп, жастардың кәсіби дамуына зор мүмкіндік екенін тілге тиек етті.

Семинар қатысушылары тақырыпқа қатысты өз сауалдарын қойып, іріктеуге қатысу мүмкіндіктері жөнінде пайдалы мәліметтер алды.