
Заң мен тәртіп қағидатын нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және халыққа көрсетілетін заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Әділет департаментінің өкілдері Жақыпбек Маханбетов ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, атқарушылық іс жүргізу, заң көмегін көрсету және өзге де құқықтық мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың заң талаптарын білуіне жағдай жасау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық байланысты нығайту. Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, сала мамандарынан жеке кеңестер алды.