
Қызылорда қаласындағы сауда орындарында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, тауар белгілерін заңсыз пайдаланудың және контрафактілік өнімдердің таралуының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кәсіпкерлерге ҚР заңнамасының талаптары түсіндіріліп, контрафактілік тауарларды сатуға жол бермеу және тауарлардың түпнұсқалығын растайтын құжаттарды сақтау қажеттілігі айтылды.