Жұмыс кездесуі

Жұмыс кездесуі

   2025 жылдың 16 мамырында Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова Челябі мемлекеттік университетінің директоры Наталья Нализкомен жұмыс кездесуін өткізді.
   Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық перспективаларын, оның ішінде өзара іс-қимыл туралы меморандум жасасу мүмкіндігін талқылады. Ерекше назар студенттердің құқықтық ағарту саласындағы волонтерлік қызметке тартылуына, сондай-ақ болашақ заңгерлер үшін тәжірибелік базаны дамытуға, соның ішінде университет қабырғасында заң клиникасының жұмысын жандандыру арқылы қол жеткізу мәселелеріне аударылды.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі