Мемлекет алдындағы өтелмеген қарыздар деңгейін төмендету мақсатында, ағымдағы жылдың 12 мен 21 мамыры аралығында өңір аумағында «Борышкер» атты жедел алдын алу іс-шарасы өтеді.
Қостанай облысы Әділет департаменті атқарушылық іс жүргізу органдары: полиция, салық қызметтері, прокуратура өкілдері мен жеке сот орындаушылары қатысуымен берешектерді мәжбүрлеп өндіруге бағытталған рейдтік іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.
Бірлескен рейдтік іс-шаралар әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін мемлекет кірісіне өндіруге бағытталған. Міндеттемелерін орындаудан жалтарған борышкерлердің мүлкі, автокөлік ұсталып, заңнамада көзделген тәртіппен тәркіленеді. Мұндай шаралар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жүргізіліп, сот актілерінің орындалу тиімділігін арттыруға бағытталған.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі