2025 жылдың 15 мамырында Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы С. О. Альшимбаева облыстағы жеке сот орындаушыларымен жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында жеке сот орындаушыларының 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023–2027 жылдарға арналған Даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелік көрсеткіштеріне қол жеткізу мәселесі талқыланды.
Сондай-ақ алимент өндіру бойынша борышкерлерді іздеуге жариялау кезінде заңдылықтың сақталуын тексеру нәтижелері бойынша Бас прокуратураның ұсынымы, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мемлекет кірісіне өндірілетін әкімшілік айыппұлдардың жай-күйі туралы хаты, Әділет министрлігі Қағидалық орындау комитетінің мемлекет кірісіне және жалақыға өндіру өндірістері бойынша мәліметтері, сондай-ақ ӘРПК-нің 127-бабына сәйкес шығарылған ақшалай өндіріп алу туралы апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымына шағымдану мүмкін еместігіне қатысты әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасының хаты қаралды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі