Тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтау

Тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтау

    2025 жылдың 8 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің «Ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалдарының басшылары жеке сот орындаушыларымен, нотариустармен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп ардагерлерді құттықтап, оларға азық-түлік себеттері мен мерейтойлық медальдар табысталды.
   Рудный қаласында тыл еңбеккері Зубов Анатолий Михайловичті құттықтады. Жітіқара ауданында соғыс жылдарында далада еңбек етіп, кейін ұзақ жылдар ішкі істер органдарында қызмет еткен Сергеев Василий Михайловичті құттықтады.
   Әулиекөл ауданында «Әулиекөл ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік аға сот орындаушысы аудан нотариустарымен бірлесе отырып, тыл еңбеккерлеріне алғыс білдіріп, азық-түлік себеттерін тарту етті. Құрмет көрсетілген жандар қатарында Иванова Галина Ивановна, Лесняк Александра Сергеевна, Николенко Ольга Михайловна, Пупышева Лукия Евтихиевна, Власова Валентина Степановна және Черняева Ирина Николаевна бар.
   Бұл игі шара Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан мен тылда аянбай еңбек еткен ардагерлерге деген құрмет пен алғысымыздың жарқын көрінісі.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі