2025 жылдың 2 мамырында Әділет департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық «Ерлікке тағзым» акциясына қатысты.
Акция аясында қатысушылар соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен сол кезеңдегі әскери іс-қимылдарға қатысқан өзге де тұлғалардың ескеркіштері мен қараусыз қалған зираттарында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Аталған еріктілік бастама - тарихи жадымызды сақтау, ерлер ерлігіне құрмет көрсету және жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты тәрбиелеуді мақсат етеді.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі