1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

   Құрметті қазақстандықтар!

   Сіздерді 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

   Бұл мереке - татулық пен келісімнің, достық пен өзара құрметтің символы. Көпұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымағы - еліміздің тұрақтылығы мен жарқын болашағының кепілі.

   Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан түрлі этностардың достығы мен түсіністігі бізді әрдайым биік мақсаттарға жетелейді. Ортақ үйіміз - Қазақстанның игілігі жолында бәріміз бірігіп еңбек етеміз.

   Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бірлік пен береке тілейміз!

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі