2025 жылдың 30 сәуірінде 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында, Әділет департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы Достық үйіне барды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлікті сақтау ісінде маңызды рөл атқарады. Бұл ел азаматтарының әлеуметтік үйлесімі мен ортақ игілігін арттыруға бағытталған маңызды миссия.
Бүгінде Достық үйінде 19 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар өз мәдениеті мен дәстүрін сақтап қана қоймай, көпұлтты елімізде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға үлес қосып келеді.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі