«Ресоциализация кабинеті» пилоттық жобасы аясындағы кеңес

«Ресоциализация кабинеті» пилоттық жобасы аясындағы кеңес

   2025 жылдың 24 сәуірінде «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі»филиалының басшысы Райхан Тлеубаева Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Республикалық №38 мекемесінде өткен «Ресоциализация кабинеті» пилоттық жобасы аясындағы кеңеске қатысты.
   Жобаның мақсаты - мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы арқылы сотталғандарға әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу және қайта қылмыс жасау қаупін төмендету. Осы бағытта мемлекеттік орган өкілдері түзеу мекемелеріне барып, сотталғандарға қажетті қолдау көрсетеді.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі