2025 жылдың 24 сәуірінде Қостанай облысы Әділет департаментінде алимент өндіру бойынша проблемалық атқарушылық іс жүргізулермен жұмыс істеу жөніндегі Іс-қимыл алгоритмі аясында жұмыс тобының алғашқы кездесуі өтті. Кездесу барысында берешек сомаларын өзектендіру және алимент өндіру бойынша атқарушылық істер санының азаюына бағытталған мәселелер қаралды.
Жұмыс тобы алиментке қатысты атқарушылық істерді әр бейсенбі сайын талдауды жоспарлап отыр: берешектің өзекті жағдайын тексеру, мерзімді орындалу туралы мәліметтерді қарау, сондай-ақ деректерді АІЖО ААЖ жүйесіне енгізу көзделген.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі