2025 жылдың 24 сәуірінде сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің қызметкерлері Қостанай өңірлік университетінің студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.
«Сұрақ-жауап» форматындағы ашық диалог барысында олар сот орындаушы мамандығының мәні, міндеттері, жауапкершілігі және сот шешімдерін орындаудағы рөлі туралы айтып берді. Студенттер үлкен қызығушылық танытып, белсенді қатысып, сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды.
Сондай-ақ, «Заң және тәртіп» нарративін орындау аясында бөлім мамандары студенттерге құқықтық және этикалық нормалардың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған түсіндірмелер берді.
Іс-шараның мақсаты - жастардың заңды құндылық ретінде қабылдауын қалыптастыру, олардың адамгершілік нормаларына, мінез-құлық ережелері мен этикаға сай әрекет ету дағдыларын дамыту.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі