Оқыту семинары өткізілді

Оқыту семинары өткізілді

   2025 жылдың 18 сәуірінде Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.М. Абдикалыкова Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» филиалы №1 бөлімінің инспекторына апостиль қоюға құжаттарды қабылдау бойынша оқыту семинарын өткізді.
   Семинар барысында құжаттарды электрондық үкімет порталы арқылы қабылдау тәртібін түсіндіруге ерекше назар аударылды.
   Сондай-ақ, семинарда АХАТ саласына қатысты мәселелер де қаралды.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі