«Үміт-Надежда»

«Үміт-Надежда»

   2025 жылдың 10 сәуірінде «Заң және тәртіп» нарративін орындау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар азаматтарды қолдау жөніндегі «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
   Іс-шараға Қостанай облысы Әділет департаментінің өкілдері, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасылары қатысты.
   Кездесудің басты мақсаты – азаматтарды құжаттарды нотариаттық рәсімдеу, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, сот шешімдерін орындау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттандыру болды.
   Осындай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі