«Тaza Қазақстан»

«Тaza Қазақстан»

   2025 жылдың 7 сәуірінде Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова облыс әкімі Кумар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кеңеске қатысты. Кеңесте елді мекендерді абаттандыру және республикалық «Тaza Қазақстан» бағдарламасының іске асырылу мәселелері қаралды. Жиын барысында 2024 жылдың жұмыс қорытындылары шығарылып, ағымдағы жылға арналған жоспарлар айқындалды.
   Әділет департаменті заңгерлік қауымдастықпен бірлесіп, бекітілген аумақтарды абаттандыру, тазарту және көгалдандыру жұмыстарын жалғастыратын болады.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі