2025 жылдың 2 сәуірінде Қостанай өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Динара Хусаинованың қатысуымен «Жергілікті тауарларды өңірлік брендтеу арқылы кәсіпкерлік тартымдылықты дамыту» тақырыбында брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Динара Хусаинова зияткерлік меншікті қорғау Қостанай облысында өндірілетін өнімнің бірегей имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Әсіресе, кәсіпорындардың белгілі бір өңірмен байланысты брендті пайдалану құқығын заңды түрде бекітуіне мүмкіндік беретін тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді тіркеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Сілтеме: https://www.youtube.com/live/QPkHmMrALds?si=yKr6HYApLEqGm0Cs
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі