«Оқушылардың құқықтары мен міндеттері», «Буллинг» тақырыбындағы сынып сағаты

«Оқушылардың құқықтары мен міндеттері», «Буллинг» тақырыбындағы сынып сағаты

   2025 жылдың 19 наурызында зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Д.С. Хусаинова және Қостанай қаласы ПБ, СПБ, ЖПҚБ, ЮПТ, УПИ инспекторы Ш.Т. Серменова Қостанай қаласындағы №122 негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушыларына құқықтық ақпарат беруде мемлекеттің проактивті рөлін жүзеге асыру, өскелең ұрпақты құқықтық тәрбиелеу мақсатында «Оқушылардың құқықтары мен міндеттері», «Буллинг» тақырыптарында сынып сағатын өткізді.
   Сабақ барысында заңнаманы, ҚР азаматтарының және Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес балалардың құқықтары мен міндеттерін білуге арналған блиц-сұрақтар ойын түрінде жүргізілді.
   Іс-шара қорытындысы бойынша оқушылардың өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін жинақтап, заңға қайшы әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыру, басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарау және белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға ықпал ету жөнінде шешім қабылданды.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі