«АMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалында өткен отбасы және халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары жөнінде кеңес отырысында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы баяндама жасады

«АMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалында өткен отбасы және халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары жөнінде кеңес отырысында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы баяндама жасады

   Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде «АMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалында өткен отбасы және халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары жөнінде кеңес отырысында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова баяндама жасады.
   Баяндама тақырыбы ретінде алимент өндірудің проблемалық мәселелері ұсынылды.
   Баяндама барысында атқару құжаттарының орындалмауының негізгі себептері, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тарту статистикасы және алимент борышкерлерін іздеу туралы ақпарат қамтылды.
   Сонымен қатар, департаменттің осы бағыттағы атқарылған жұмыстары туралы және өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жеке сот орындаушыларын жауапкершілікке тарту, оның ішінде лицензиясынан айыруға дейінгі жағдайлар туралы мәлім етілген.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі