Атқарушылық іс жүргізу мәселелері жөнінде құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өтті

Атқарушылық іс жүргізу мәселелері жөнінде құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өтті

   Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Әділет департаменті басшысының орынбасары Динара Сарсебекова атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.
   Іс-шара барысында атқарушылық құжаттарды орындау, жіберу мерзімдері, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы, қолма-қол қаражатты бақылау шотынан қалдықты уақытылы аудару және азайту, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ іс-шараларды өңірлік БАҚ-та жариялау мәселелері талқыланды.
   Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізу мерзімдерін сақтау, халық құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін шаралар қабылдау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі