"Шаңырақ күніне" қарсы ұйымдастырылған іс-шара

"Шаңырақ күніне" қарсы ұйымдастырылған іс-шара

   2024 жылдың 18 наурызында Қостанай облысы Әділет Департаментінің қызметкерлері “Шаңырақ күніне” қарсы ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Аталмыш іс-шарада киіз үй тігіліп, қазақтың ұлттық тағамдарынан дайындалған ақ дастархан жайылды. Сондай-ақ, өнерпаздар сахнада күй күмбірлетіп, әсем әндерді әуелетті.

Шаңырақ- бұл материалдық және рухани мұраның символы. Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті ерекше. Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне үлкен мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі