2023 жылғы 8 желтоқсанда әділет Департаментінің басшысы - Қостанай облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Аманжулова Әлия Алатаевна "Мемлекеттік қызметтің беделі мен жауапкершілігі" тақырыбына тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында дөңгелек үстел өткізді. Оған мемлекеттік қызмет, әділет органдарының ардагерлері С. М. Жалыбин, Р. Х. Салықбаев, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департамент басшысы, Қостанай облысы әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Е. А. Салықбаев, Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының басшысы М. Қ. Журкабаев, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік лауазымға, басшы лауазымға алғаш тағайындалған департамент қызметкерлері және адвокаттар алқасының, нотариаттық палатаның, жеке сот орындаушылары палатасының және заң консультанттары палатасының жаңадан қабылданған қызметкерлері қатысты.
Диалог алаңында мемлекеттік қызметте жұмыс істеудің артықшылықтары, мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы мәселелер талқыланып, жас мамандардың алдына басым міндеттер қойылды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі