2023 жылғы 7 желтоқсанда әділет Департаментінің басшысы А. Аманжулова облыс әкімі Қ. Ақсақаловтың төрағалығымен өткен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.
Отырыс шеңберінде көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстардың алдын алу мәселелері және қаржылық сауаттылыққа оқыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қамтылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша сындарлы диалог жүргізіліп, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды және осы бағыттағы одан әрі диалог туралы тілектер айтылды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі