«Тауарлар мен тауар белгісі шығарылған жерлердің географиялық көрсеткіштерін, атауларын тіркеу» тақырыбында дөңгелек үстел

«Тауарлар мен тауар белгісі шығарылған жерлердің географиялық көрсеткіштерін, атауларын тіркеу» тақырыбында дөңгелек үстел

      2023 жылғы 7 желтоқсанда Қостанай облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында «Қазпатент» өкілдері, жергілікті атқарушы органдар және өңірдің кәсіпкерлері қатысқан «тауарлар мен тауар белгісі шығарылған жерлердің географиялық көрсеткіштерін, атауларын тіркеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
      Дөңгелек үстел аясында географиялық көрсеткіштер, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары, тауар белгілері, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қоғамдастық арасындағы ынтымақтастық мәселелері қамтылды.
      Аталған жиын зияткерлік меншік объектілерін тіркеуді жемісті талқылауға, пікір және тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды.
      Дөңгелек үстелге қатысқандар «Қазпатентке» дайындаған тақырып үшін алғыс білдіре отырып, осы тақырып аясында көптеген жұмыс жасалу керек екенін сөзге тиек етті.

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі