"Озат " ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ қабырғасында зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша 10-11 сынып оқушыларымен кездесу

"Озат " ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ қабырғасында зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша 10-11 сынып оқушыларымен кездесу

     2023 жылдың 21 қарашасында Қостанай облысы Әділет Департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі "Озат " ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ қабырғасында зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
     Іс-шара барысында бөлім басшысы Динара Хусаинова Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы және Департаменттің осы саладағы жұмысы туралы баяндап өтті.
     Сонымен қатар, оқушыларға маңызды мәселелерді талқылауға және сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Мектеп басшылығы мен Департамент қызметінің құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде одан әрі ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі