ZOOM арқылы заң қызметтерін Үйлестіру кеңесі

ZOOM арқылы заң қызметтерін Үйлестіру кеңесі

      2023 жылғы 28 қыркүйекте Қостанай облысы әділет Департаментінде ZOOM арқылы мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу желісі бойынша 2023 жылғы 9 айлық жұмыстың қорытындысы шығарылды және актілерді әзірлеу кезінде әзірлеуші органдар тап болатын проблемалық мәселелер талқыланды.

      Үйлестіру кеңесі қызметінің мақсаты мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және норма шығару процесі мен құқықтық түсіндіру жұмыстарын реттеу мен жетілдіру мәселелері бойынша әдіснамалық басшылық ету болып табылады.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі