Бос орындар жәрменкесі

Бос орындар жәрменкесі

     2023 жылғы 26 қыркүйек күні «Арқалық қаласының сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалының басшысы Қостанай облысы Арқалық қаласының прокуратурасымен, жеке сот орындаушылармен және Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Арқалық қаласы пробация қызметкерімен бірлесіп Қостанай облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы КММ-нің Арқалық қаласының Мансап орталығы филиалы базасында «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізді.

     Іс-шараның басты мақсаты – алимент берешегі бар жұмыс істемейтін борышкерлерді жұмысқа орналастыру. Нәтижесінде 1 борышкер кейіннен жұмысқа орналасу үшін қаланың ұйымымен келісім жасасты.      

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі