Амангельды Иманов құрметіне арналған іс-шара

Амангельды Иманов құрметіне арналған іс-шара

     2023 жылдың  8-9 қыркүйек аралығында Ұлт-азаттық көтерілістің сардары Амангелді Имановтың туғанына -150 жыл, Амангелді ауданының құрылғанына – 95 жыл толуына орай Торғай топырағында торқалы той өтті.
     Батыр атамыздың  ауданында «Батырдың биік тұлғасы» атты ғылыми конференцияға  жиналғандар  А.Имановтың ескерткішіне  жанында батырдың рухына тағзым етіп, барлық боздақтарға құран бағыштады.
     Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде Ә.Әбілтаевтың «Қаһарлы 16-жыл»  атты спектаклі қойылды,сонымен  қатар, «Ардагер Амангелді-ердің ері» атты республикалық ақындар айтысы өтіп, іс-шара  әр түрлі спорттық ойындар көкпар, қазақ  күресі, аударыспақ, арқан тартыс, «Аламан бәйге» ат  жарыстарымен  жалғасты.
     Іс-шараға жалпы халықтар,сенат депутаты,  облыс басшысы, аудан басшылары, дін және қоғам қайраткерлері,ауданның кәсіпорын басшылары ақындар, бизнес өкілдеріқатысты.


Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі