Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасының басшысы А.Сыздыкова 2023 жылдың 16 наурыз күні Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының ауданындағы филиалымен бірлесе отырып, «Амангелді ауданы полиция басқармасының көші-қон полиция тобы» ММ-нің және «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ-ның Қостанай облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Амангелді ауданының бөлімі қызметкерлеріне «Зияткерлік меншік нысандары, құқығын қорғау және артықшылықтарын» түсіндіру мақсатында кездесу өткізді .
Іс-шара барысында зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері талқыланды, азаматтардың көкейкесті сауалдарына құқықтық кеңес беріліп, азаматтарға тәулік бойы құқықтық кеңестер алу мүмкіндігі туралы және ҚР ӘМ сайтында 119 телефон нөмері бойынша кеңінен түсіндірілді.
Арқалық қаласының ауданаралық Әділет басқармасы.