Кездесу

Кездесу

15 наурызда Әділет департаментінде «Көрісу күні» аясында Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы және Әділет департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшесі Джаманбалин Қадырғали Қоныспайұлымен бейресми   кездесу өтті.

Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында профилактикалық жұмысты жетілдіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылық пен жауапкершілікті арттыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.            

Іс шара соңында  осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру жөнінде пікір алмасты.

Қостанай облысы

 Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі