«Мемлекет пайдасына қарыз өндірілді»

«Мемлекет пайдасына қарыз өндірілді»

        Мемлекеттік және жеке сот орындаушылары рейддік іс-шаралар щенберінде  Қостанай қаласының прокуратурасымен және Қостанай қаласының мемлекеттәк кірістер басқармасының қызметкерлерімен  бірлесіп  мемлекет кірісіне берешекті және алименттерді өндіріп алу бойынша рейдтік  іс-шаралар  жүргізеді.

        Ағымдағы жылғы 2 желтоқсандығы рейддтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша мемлекеттік сот орындаушылар мемлекет кірісіне 4 193 335 теңге, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің  669 бабының 1 бөлігі  бойынша 2 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

         Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік пайдасына өндірілетін атқару өндірістерінің санын азайту және алимент бойынша қарыздарды төлеу.

 

Қостанай облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі