«Әділет кеңес береді» акциясы

«Әділет кеңес береді» акциясы

          Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасының басшысымен 2022 жылдың 02 желтоқсан күні «AMANAT» партиясы Арқалық қалалық филиалының қабылдау бөлімінде «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

          Бұл шараның өткізілу мақсаты - Қазақстан  Республикасындағы құқықтық нормалар мен қолданыстағы Заңдарды  түсіндіру және   оларға енгізілген өзгерістер мен түзетулерді  туралы  ақпарат беру, мемлекеттік  кепілдендірілген  қызметтерді  алу  мүмкіндігін  түсіндіру,  сауаттылықтары  мен  құқықтық  білім деңгейлерін  арттыру  және  білікті заңгерлік  көмек  көрсету.

          Сонымен  қатар  іс шара барысында құқықтық кеңес беріліп  азаматтарға тәулік  бойы  құқықтық  кеңестер  алу  мүмкіндігі  туралы  және  ҚР ӘМ  119  нөмері бойынша   кеңінен түсіндірілді.

          Іс-шараны  өткізу  барысында кеңеске  кепілді тіркеу,  бала  жәрдемқасын  рәсімдеу,  неке ажырату     сұрақтары  бойынша  қаланың 3 азаматы жүгінді.  

          Жүгінген азаматтарға басқарма басшысымен қойылған сұрақтарына түсініктер берілді.

 

Арқалық қаласының ауданаралық

Әділет басқармасы