Мемлекет кірісіне өндіріп алу, Стратегиялық жоспарға қол жеткізу, атқарушылық іс жүргізу есебін жүргізу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

Мемлекет кірісіне өндіріп алу, Стратегиялық жоспарға қол жеткізу, атқарушылық іс жүргізу есебін жүргізу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

            2022 жылдың 1 желтоқсанында Қостанай облысының Әділет департаменті Қостанай облысының жеке сот орындаушыларын шақыра отырып, «Мемлекет кірісіне өндіріп алу, Стратегиялық жоспарға қол жеткізу, атқарушылық іс жүргізулердің есебін жүргізу» мәселелері бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, ҚСжАЕАЖБ және 

           Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қатысуымен жұмыс кездесуіне қатысты.

           Іс-шара барысында мемлекет кірісіне өндіріп алу кезіндегі негізгі мәселелер, Стратегиялық жоспарға қол жеткізу талқыланды.

           Нәтижесінде әрбір жеке сот орындаушысына мемлекет кірісіне атқарушылық іс жүргізу бойынша уақтылы шаралар қабылдау және атқарушылық құжаттарды уақтылы орындау тапсырылды.

           Бұл іс-шараның мақсаты - мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу қалдықтарын азайту, атқарушылық іс жүргізу мерзімдерін сақтау.

 

Әділет департаментінің

атқарушылық іс жүргізуді

қамтамасыз ету бөлімі