Зияткерлік меншік құқығы сұрақтары бойынша «Ашық есік күні»

Зияткерлік меншік құқығы сұрақтары бойынша «Ашық есік күні»

         Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестікке      қабілеттілігі индексінің «Даулы істерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша Арқалық қаласының  ауданаралық әділет басқармасының  басшысымен 2022 жылдың 06 қазан күні зияткерлік меншік құқығы сұрақтары бойынша қала халқын қабылдау жүргізіліп, «Ашық есік күні» өткізілді.

         Іс шараның өткізілу мақсаты, тауарлық белгілерді қорғау қалай жүзеге асырылатыны, заңсыз тауарлық белгілерді қолдану қандай зардапқа әкелетіні, оларды тіркеу тәртібі сұрақтары бойынша түсіндіру.

         Сонымен қатар іс-шара барысында құқықтық кеңес беріліп азаматтарға тәулік бойы құқықтық кеңестер алу мүмкіндігі туралы және ҚР ӘМ 119 нөмері бойынша кеңінен түсіндірілді.

         Жүгінген қаланың 4 азаматына қызығушылық білдірген тауар белгілері туралы сұрақтарына жауаптар мен кеңестер берілді.  

 

Арқалық қаласының 

ауданаралық

әділет басқармасы