«Ашық есік күні»

«Ашық есік күні»

        Арқалық қаласының ауданаралық Әділет басқармасының басшысы 2022 жылдың 04 тамыз күні Дүниежүзілік банк «Doing  Business»  рейтингіндегі Қазақстанның орнын жақсарту мақсатында заңды тұлғаларды тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу  сұрақтары бойынша «Ашық есік күні»  өткізді.

       Бұл шараның өткізілу мақсаты -  заңды тұлғаларды тіркеу,оның филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу, қайта тіркеу, өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу және таратылуын тіркеу бойынша тәртіптері мен тіркеу мерзімдері бойынша түсіндіру.

      Іс шара барысында құқықтық кеңес беріліп, сонымен қатар кіші кәсіпкерлік субъектілерін электронды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеудің тәртіптері туралы және ҚР ӘМ 119 нөмірі бойынша кеңінен түсіндірілді.

Арқалық қаласының 

 ауданаралық әділет басқармасы