Мемлекеттік қызметші күні

Мемлекеттік қызметші күні

2022 жылғы 22 маусымда Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында Жастар сарайында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Елдегі мемлекеттік қызметшілердің рөлі зор. Өйткені, олар қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекет жүргізіп отырған саясаттың жетекшісі болып табылады. Негізінен, мемлекеттік қызметшілердің жұмысы заңдарда мемлекет белгілеген құқықтық кеңістік шеңберінде азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының Алғыс хатымен Әділет департаменті басшысының орынбасары Д. Е. Сарсебекова, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Әділет департаментінің Әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Б. З. Кудесова марапатталды.

 

Баспасөз қызметі

Әділет департаментінің

Қостанай облысы