Тұрғын үй инспекциясымен вебинар

Тұрғын үй инспекциясымен вебинар

А.ж.  13 сәуірде Қостанай облысының Әділет департаментімен Рудный қаласының   тұрғын үй инспекциясымен бірлесіп пәтерлер иелерінің тұтыну кооперативтерінің өкілдері қатысумен ПИТК тарату және мүліктің меншік иелері бірлестіктерін (ММИБ) тіркеу сұрақтары бойынша ZOOM арқылы дөнгелек үстел өткізілді.

 Іс –шара  барысында заңды тұлғаларды өз еркінімен және мәжбүрлеп тарату, сонымен қатар, ММИБ құру және тіркеу тәртіптері түсіндірілді.

 Шара  соңында Кооператив  өкілдері  ұйымдастырылған кездесу үшін алғыстарын  білдірді.    

Қостанай облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі